×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Тоқаев ауыл жастарымен кездессе деймін – Өзбекстандағы кәсіпкер қазақ қызы

22.09.2021, 18:20

Бүгін «Нұр-Сұлтанда сұхбат» жобасы Мерей Аманбаевамен тілдесті. Кәсіпкер қыз "Атамекен" ҰКП шақыртуымен "Бизнес бастау" форумына қатысуға арнайы астанаға келген. 

Әлеуметтік желіде Өзбекстан Президенті алдында сөз сөйлеген қазақ қызының видеосы кеңінен тарады. Ол Мерей Аманбаева болатын. Ulysmedia.kz

24 жастағы Мерей ауыл шаруашылығымен айналысады. Өзбек президенті Шавкат Мирзиеевпен бір айда 4 рет жүздесіп, өз қолынан көлік кілтін алған.

Сұхбат барысында Мерей мыңға тарта жастарды оқытып, кәсіппен айналысуға септігі тигенін айтты. Қазақстанға оралғыңыз келмей ме деген сауалымызға Мерей «Қазақстанға көшетін ойым жоқ» деп жауап берді.

 Мерей ауылшаруашылығымен айналысады. Ешкі өсіреді, оның түбітін терең өңдейді. Жастарды бизнеске баулитын орталықтары және бар. Жас болса да өзге елде бас болып отырған қазақ қызының ойы орамды, сөзі салмақты. Қазақстандағы замандастарына да айтары бар.

Серіктес жаңалықтары