×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

«Миллиард қытайдың ішінен аман келген қызымды Қазақстанда өлтірді»: Ақнәрдің анасы Тоқаевтан әділдік сұрайды

31.05.2025, 20:23

Қоғамда қазір Ақнәр ісі деп танылған резонансты іс көптің аузында жүр. Әділдік іздеп шарқ ұрған Ақнәрдің анасы Қамит Гүлстан Астанадағы Бас прокуратураға келіп, қызының жұмбақ өлімін әділ тергеуді өтінген. Ulysmedia тілшісінің бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында Қамит Гүлстан әділдікке жету үшін соңына дейін баратынын айтты.

2024 жылы шілде айында Ақнәр Гүлстан жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ресми нұсқада ол "өз-өзіне қол салған". Бірақ желіге оны біреу терезеден итеріп жібергендей видео тараған.

Қайғылы жағдай болған пәтердегі екі қыз – Қытай азаматтары. Біріне кейін Қазақстан азаматтығы берілген.

Бұл жай ғана қылмыстық оқиға емес. Бұл – үнін билікке жеткізе алмай жүрген ананың жанайқайы. Ол полицияның әрекеті, тергеудегі олқылықтар мен әділетсіздіктер туралы ашық айтты. Сұхбатты толық көріп, пікір қалдырып, тарата отырыңыздар.

Серіктес жаңалықтары