Бұл сұхбат БАҚ үшін ауыр кезеңде жазылды. Өкінішке қарай, бұл күнде Ulysmedia.kz, Orda.kz, Elmedia, KazTAG — және жекелеген журналистер бұрын-соңды болмаған қысымға ұшырап отыр.
Бүгінгі қонағымыз — қазақстандық журналистиканың аңызы, Elmedia порталының негізін қалаушы Гүлжан Ерғалиева. Оның мақалалары біреуге ұнамаса, енді біреулерге – құрмет пен үміттің, шабыт пен үрейдің қайнары болды. Ол бұғаттауды да, тінтулер мен қудалауларды да, тұтқындауларды да бастан өткерді. Бірақ соған қарамастан, шындықты айтуын тоқтатқан жоқ.
Біз бұл сұхбатта мына тақырыптарды қозғадық:
– сөз бостандығына қысым неге қайта күшейіп отыр;
– қысым мен цифрлық қудалау қандай механизмдер арқылы жүзеге асады;
– журналистикаға қарсы шабуылдың артында кімдер тұр — және бұл істе Нұрсұлтан Назарбаев пен оның айналасының рөлі қандай;
– билік неге Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты шындықты мойындаудан қорқады;
– бүгін неге оппозиция жоқ;
– журналистика неліктен билік үшін «жауға» айналды.
Гүлжан Ерғалиева сұхбат барысында «Свобода слова» газетінің қалай құрылғанын, Назарбаев билігі тұсында тәуелсіз БАҚ-ты кім және не үшін жойғанын да ашық айтып берді.
Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz-тің YouTube арнасынан көре аласыз.