×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

"Бәрін тартып алу үшін мені есінен адасқан деп шығарды" – Жеміс Айдарбекованың жан сыры

Бүгін, 19:33

Медицина ғылымдарының кандидаты, белгілі тіс дәрігері әрі үш баланың анасы Жеміс Айдарбекова өміріндегі ерекше оқиғаны баяндап берді.

Ол 20 жыл бойы жеке емханалар желісін дамытып, ешқандай таныс пен қолдаусыз медициналық холдинг құрды. Алайда бір күнде бәрінің астаң-кестеңі шықты: күйеуінің опасыздығы, ойдан шығарылған диагноз, мәжбүрлеп емханаға жатқызу және бизнесінің рейдерлік жолмен тартып алынуы, мұның бәрі бірінен соң бірі болды.

Жеміс Айдарбекова Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында алғаш рет бәрін:

  • табысты дәрігер-кәсіпкер күйеуінің арызы бойынша қала психиатриялық ауруханаға түскенін,
  • соттың не себепті оның үш баласын алып қойғанын,
  • рейдерлік схемаға заңгерлер, жеке сот орындаушылары мен күштік құрылым өкілдерінің қалай қатысқанын,
  • неге Қазақстандағы жүйе бизнес пен әйелдерді қорғай алмайтынын,
  • және өз беделін қалай ақтап, өмірін қайта бастағанын ашып айтты.

Бұл – жай ғана отбасылық драма емес. Бұл – заңның орнына таныстық үстемдік еткен жүйенің қалай жұмыс істейтінін және бір адамның әділетсіздікке қарсы тұра алатынын көрсететін оқиға.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.

 

Серіктес жаңалықтары