×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Қазақстан қазба байлықсыз қала ма? Тоқалдар жыры. 174-бап - Ұлыс апта

Бүгін, 18:50

Аптаның ең айшықты оқиғаларын назарларыңызға ұсынуға дайынбыз. Ендеше, назар сізден – талдау бізден болсын! 

Аптаның басты тақырыптары:

Тоқаев пен Трамп:

«Сіз – керемет көшбасшысыз, бәрімізге ортақ құндылықтарды АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатына қайта әкелу үшін Құдай жіберген адамсыз» деп Трампты мақтаған Тоқаев бұл сапардан қандай олжамен оралды? Сирек металдарға қатысты АҚШ-пен жасалған келісімдер Ресей мен Қытайды ашуландырмай ма? Қазақстан өз байлығынан нақты пайда көре ме, әлде тағы да сыртқа алақан жайып қала ма? Саясаттанушымен сұқбат.

Банктер мен заң:

Банктер заңды қалай айналып өтуде? Банк туралы жаңа заң – банкирлердің мүддесін қорғай ма, әлде халықтың жағдайын жақсарта ма? Кредиттік ставкалар төмендей ме? Алаяқтардың кесірінен жапа шеккендердің несиесі кешіріле ме?

174-бап: әділет пе, жазалау ма?

Бұл бап – ұлт араздығын қоздыруды анықтау құралы ма, әлде белсенділерді жазалау тәсілі ме? Неліктен қазақты қорлаған Аликаға “баласы бар” деп жеңілдік берілді, ал дәл осы баппен сотталған өзге белсенділер түрмеден бірақ шықты?

Тоқал алу және қоғам: Тоқал алғыштарға тоқтау бар ма?

Бастардтар (некесіз туған балалар) тақырыбы неге біздің қоғамда үйреншіктіге айналды? Зайырлы Қазақстан үшін бұл тақырып неге таңсық емес? Мүмкін, “тоқалдар” тақырыбының артында саяси технологиялар тұрған шығар? Билік халықтың назарын неден бұрмақ? Абзал Құспанмен сұқбат.

Мигранттан мэрге дейін:

34 жастағы мұсылман Мамдани – Нью-Йорктің жаңа әкімі. Халық өзі сайлап алатын ашық сайлау үрдісі бізге қашан жетеді?

Барлығын тарқатып айтып береміз – бізбен бірге болыңыздар! Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.

Серіктес жаңалықтары