×
504.49
587.73
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.49
587.73
6.57

"Дроппер" болып қалмаңыз: қаржы алаяқтарының құрығына қалай түспеуге болады

Бүгін, 18:09

Интернет дамыған сайын алаяқтардың да айла-тәсілі түрленіп, күрделене түсті. Бүгінде қарапайым хабарлама немесе бір ғана қоңырау арқылы жиған-тергеніңізден айырылып қалу қаупі жоғары. Ulysmedia.kz қаржылық сауаттылыққа арналған ағартушылық жобасын жалғастырады.

Бұл шығарылымда біз тек ақшаны қорғау жолдарын емес, сонымен қатар қоғамда белең алған «дропперлер» мәселесін, банктер мен микроқаржы ұйымдары клиенттерінің жиі жіберетін қателіктерін жан-жақты талдаймыз.

Сұхбаттың негізгі қонақтары – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас маманы Әлішер Таңатаров және Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаментінің бас маманы Ғаділбек Әкім.

Сарапшылар сұхбат барысында мына сұрақтарға жауап береді:
 

  • «Дроппер» деген кім? Көп адам, әсіресе жастар мен студенттер, қалайша қылмыстық схеманың қатысушысы болып қалғанын білмей қалады. Мұның соңы неге әкеп соғады?
  • Жалған банк қызметкерін қалай тануға болады? Алаяқтардың психологиялық қысым көрсету әдістері мен оларды әшкерелейтін қарапайым белгілер қандай?
  • Егер алданып қалсаңыз, не істеу керек? Ақша аударылып кеткен жағдайдағы алғашқы әрекеттер алгоритмі қандай болмақ?
  • Банктер мен микроқаржы ұйымдары клиенттері қандай үлкен қателіктер жібереді? Артық борыштан қалай сақтануға болады?

Подкасттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көріңіздер!

Серіктес жаңалықтары