×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

"Ұлытау көп жыл қаржыдан қағылды" – Дастан Рыспеков өңірді қалай дамытпақ

Бүгін, 17:55

Ulysmedia.kz "Әкімдер" жобасы аясында сұхбаттар легін жалғастырады.

Бүгінгі шығарылымда Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірді толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерге тоқталды. Сұхбат барысында "Қазақмыс" корпорациясының өңір экономикасындағы рөлі, корпорация төңірегіндегі кейінгі талқылаулар, әлеуметтік жауапкершілік және салық саясаты кеңінен сөз болды. 

Әкім Жезқазған мен Ұлытау облысының ондаған жыл бойы инфрақұрылымдық дамуынан неге кенже қалғанын түсіндіріп, бүгінгі күні су, жылу, медицина, экология және жол мәселелерін шешу бағытында қандай нақты қадамдар жасалып жатқанын айтты.

Сұхбатта көтерілген негізгі тақырыптар:

  • "Қазақмыс" корпорациясының өңір экономикасындағы үлесі және жаңа акционерлерден күтілетін өзгерістер;
  • Жезқазған – Қызылорда тасжолының стратегиялық маңызы;
  • Ауыз су тапшылығы және су құбырларын жаңарту;
  • Жылу жүйесі, ЖЭО және тозған инфрақұрылым;
  • Экологиялық ахуал: Жезқазған расымен ең лас қала ма;
  • Медицина: онкологиялық орталық неге жоқ және қашан салынады;
  • Азық-түлік бағасының көтерілуі, логистика және жергілікті өндіріс;
  • Жастар, жұмыссыздық және әлеуметтік психология;
  • Туризмді дамыту, жол, қонақүй және инфрақұрылым;
  • Блогермен сот дауы: абыройды қорғау не үшін маңызды;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және басқару стилі,

Әкім өз алдына қойған үш негізгі мақсатын да ашық айтты:

  • Ұлытау облысына инвестиция тартып, жаңа өндіріс орындарын ашу; 
  • Жезқазғанның жаңа батыс ауданын дамыту; 
  • Қаланы тегіс таза ауыз сумен қаму. 

Дастан Рыспековтың айтуынша, өңірдегі нақты нәтижені көрсету үшін кемінде үш жыл қажет. Бұл сұхбат Ұлытау облысының бүгінгі шынайы ахуалын және алдағы бағыт-бағдарын түсінуге мүмкіндік береді.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары