×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Вице-президент Тоқаевтың мұрагері ме? Трамп "Тұран" құрмақ – Ұлыс апта

Бүгін, 17:52

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.

Сонымен Конституциялық комиссия құрылып, оның бірінші отырысы өтіп үлгерді. 30 жылда жеті рет өзгерген Ата заң тағы да ауысадв. Конституция биліктің ермегіне айналып кеткен жоқ па? Бұл жолғы өзгерістен халық ұта ма, әлде ұтыла ма? Саясаттанушы Дос Көшіммен сөйлестік.

"Мемлекеттік кеңесші" қызметі қысқартылады, Ерлан Қарин қайда барады? Ал Сенат таратылғаннан соң, Мәулен Әшімбаевтың келешегі не болмақ? Болашақ вице-президент кім болуы мүмкін? Халықтан пікір жинадық. 

Жаңа құрылтайға депутаттар тек партиялық тізіммен өтсе, 3 жыл бұрын мажоритарлық жүйе енгізілді деп бекер қуандық па?
Елде бар-жоғы 2 млн адам ғана партия мүшесі екен. Сонда қалған 8 млн азаматтың дауысы қайда қалады? Саясаттанушы Жанат Момынқұлов өз пікірін айтты. 

145 депутаты бар елге 126 адамнан тұратын "Халық кеңесінің" қажеті қанша? Ол нақты немен айналыспақ? Құрамын түгел президент тағайындаса, халықтың таңдауы болмай ма?

Алдымен Денис Теннің өлімі. Одан кейін Шерзат Полаттың қазасы. Енді Нұрайдың трагедиясы президенттің назарында. Шымкент полициясының басшылығы қызметтен қуылды. Бірақ ақпараттық манипуляция жасап, полиция өзін ақтап алмақшы. Ішкі істер саласына түбегейлі реформа қажет дейді депутат Мұрат Әбенов. 

Қазақстан Давоста өткен форумда Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды. Трамп пен Тоқаев қандай келісімге келді?

Шолудың толық нұсқасын YouTube-арнамыздан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары