×
505.17
599.54
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.17
599.54
6.59

Қазақ тілі мен қауіпсіздік: жаңа Ата заң жобасы бойынша талқылау

Бүгін, 19:00

Қазақстанда Ата заңның жаңа жобасы қазір кеңінен талқыланып жатыр. Жаңа Конституцияның жобасы 11 бөлімнен, 95 баптан тұрады. Айта кету керек, бұрынғы Конституциядағы нормалардың шамамен сексеніне өзгеріс енгізілген. Бұл – Ата заңның 84 пайызы жаңартылды деген сөз.

Алайда Конституцияға енгізілетін кейбір өзгерістер қазірдің өзінде қоғамда сынға ұшырап отыр. Мәселен, жаңа заң сөз бостандығын шектеп, бейбіт жиындарды өткізуді одан сайын қиындатып жібермей ме деген сұрақтар туындап жатыр. Қазақ тілінің мәртебесі мен орыс тілінің тең дәрежеде қолданылуына қатысты дау да әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Жаңа Конституция мемлекетті суперпрезиденттік басқару жүйесіне алып келмей ме? Президенттің жауапкершілігі неде? Вице-президент лауазымы не үшін қажет? Құрылтай қалай жұмыс істейді? Президенттікке үміткер кандидаттардың міндетті түрде 5 жыл мемлекеттік қызметте болуы туралы талап Қазақстан азаматтардың конституциялық құқығын бұзу емес пе? Тоқаев қайта сайлауға түсуі мүмкін бе? Мажоритарлық жүйе неге алынып тасталуда? Саяси партияларды тіркеу неге тым күрделене түскен жоқ па?

Осы және өзге де өзекті сұрақтарға конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері – Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Үнзила Шапақ және тәуелсіз заңгер, Колумбия университетінің түлегі, конституциялық құқық бойынша лектор Нұрғазы Әубәкіров жауап берді.

Көріңіздер, ой қосыңыздар.

Подкастты Ұлысмедианың Youtube-арнасынан тамашалай аласыздар. 

Серіктес жаңалықтары