×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

«Украиналық сценарийдің» Қазақстан үшін қаупі. Ресей әлсірейді, АҚШ пен Иран қақтығысы

Бүгін, 20:36

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы бесінші жылға аяқ басты. Соғыс тек екі елдің арасындағы қақтығыс емес,  ол әлемдік тәртіпті, халықаралық қауіпсіздікті және ірі державалардың қарым-қатынасын түбегейлі өзгертіп жатыр.

Бұл шығарылымда Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева екі дипломатпен ашық әңгіме жүргізді:

Подкаст қонақтары: 

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич ханым мен Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко мырза. 

Подкаст барысында спикерлер тек Украинадағы соғысты ғана емес, әлемдік саясаттың жаңа кезеңін талқылады.

Басты сұрақтар:

  • Неге Батыстың санкциялары Ресей экономикасын бірден күйрете алмай отыр?
  • Соғысты шын мәнінде тоқтата алатын қандай факторлар бар?
  • Ресей экономикасы қанша уақытқа дейін шыдай алады?
  • Украина бұл соғысты қалай аяқтағысы келеді? Мемлекеттік территориясынан айырылуға Украина халқы дайын ба?Дональд Трамптың Украинаға “көмегі”, Венесуэлаға шабуылы, Иранға ашқан қақтығысың астарында не бар? 
  • НАТО Еуропа қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете ала ма?
  • Қазақстан мен Орталық Азияның жаңа геосаяси жағдайда рөлі қандай?
  • «Украина сценарийі» туралы айтылатын пікірлер қаншалықты шынайы?
  • Әлем қайтадан ірі державалардың ықпал аймақтарына бөлініп бара жатыр ма?

Сонымен қатар дипломаттар әлемдегі күш балансының өзгеруі туралы айтты.

Шыңарылымда Қытайдың рөлі де ерекше аталды. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі геосаясатта ең жылдам күшейіп келе жатқан мемлекет — Қытай. Қытай экономикасының өсуі әлемдік тепе-теңдікті өзгертіп,

Ресей үшін де маңызды тірекке айналып отыр. Кейбір бағалаулар бойынша, қазіргі Ресей экономикасының тұрақтылығына Қытаймен экономикалық байланыстар айтарлықтай әсер етеді.

Тағы бір маңызды тақырып — Таяу Шығыс және Иран. Еуропалық дипломаттардың айтуынша, Ирандағы жағдай, өңірлік тұрақсыздық және ядролық қауіпсіздік мәселелері халықаралық саясаттағы ең күрделі түйіндердің бірі болып қала береді. Бұл факторлар да әлемдік қауіпсіздік жүйесіне ықпал етеді.

Дипломаттардың пікірінше, бүгінгі әлем болжауға келмейтін, тұрақсыз кезеңге кірді. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі әлсіреп, бұрынғы ережелер жұмыс істемей жатыр. Сондықтан қақтығыстарды тоқтатудың жалғыз жолы тек ашық диалог пен дипломатия.  

Ulysmedia күрделі тақырыптарды ашық талқылауды жалғастырады.

Подкасттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре отырыңыздар.

Серіктес жаңалықтары