Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
Мораторий аяқталды. Енді коммуналдық тарифтер тағы да өсіп, баға шарықтай ма? Егер тарифтер қымбаттаса, халықтың әлеуметтік жағдайы қалай өзгермек?
Діни экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер. Бұл мәселеге нақты тосқауыл қою үшін айыппұлдар жеткілікті ме? Әлде мүфтиятты түбегейлі реформалап, жүйені толық тазарту қажет пе?
Алматыда қоғамда үлкен резонанс тудырған жол апатынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне арнайы тапсырма берді. Ержан Сәденов мәлімдеме жасады. Бірақ бұл оқиғаны алғаш көтерген блогер Әділетхан Молдахан не үшін ұсталды?
Тағы бір маңызды тақырып: пара алды деп айыпталған Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды. Әдетте, қарамағындағы шенеунік ұсталғанда облыс әкімі отставкаға кетуі тиіс деген қағида бар. Бұл жолы қалай болады? Шығыс Қазақстан облысының басшылығы жауапкершілік ала ма?
Шолудың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көріңіздер.