×
$
471.98
543.39
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
471.98
543.39
5.82

Мұнайдан байымаған Қазақстанды сирек жер металдары жарыта ала ма

Бүгін, 19:35

Қазақстанның жер қойнауындағы байлыққа АҚШ, Қытай және Еуропаның қызығушылығы арта бастады. Ссирек жер металдары ел экономикасының жаңа тірегіне айнала ала ма? Жалпы табиғи ресурстың молдығы мемлекеттің әл-ауқатын өздігінен қамтамасыз ете ме?

Бұл шығарылымда Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева жер қойнауын пайдалану саласының сарапшысы, заңгер Тимур Одиловпен Қазақстанның жер қойнауының келешегі, стратегиялық маңызы бар минералдар төңірегіндегі геосаяси бәсеке, шетелдік инвесторлардың рөлі, өнеркәсіп саясаты, экологиялық тәуекелдер және табиғи байлықтың игілігі халыққа қалай жетуі керек деген өзекті мәселелерді талқылады.

Сұхбат барысында мынадай сауалдарға жауап ізделді:

  • сирек жер металдары мұнайдың орнын баса ала ма;
  • Қазақстан Норвегияның даму тәжірибесін қалай қолдана алады;
  • елге жауапты әрі сенімді инвесторларды тартудың жолы қандай;
  • жер қойнауынан түсетін табысты ашық әрі әділ бөлудің маңызы неде;
  • шикізат қорын ғылымның, технологияның және заманауи экономиканың қозғаушы күшіне айналдыру үшін қандай өзгерістер қажет.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыз.