×
$
471.98
543.39
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
471.98
543.39
5.82

АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілі Қазақстанға келмекші

Бүгін, 16:01
АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілі Қазақстанға келмекші
Ulysmedia коллажы

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Самир Пол Капур 5-12 тамыз аралығында Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанға сапарлайды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросы (SCA) мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық Азияға сапар

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, сапар барысында Капур үкімет өкілдерімен және бизнес қауымдастық мүшелерімен кездеседі.

— АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі С. Пол Капур 5-12 тамыз аралығында Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанға барады. Сапар барысында ол үкімет және бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, әкімшіліктің басым бағыттарын ілгерілету, соның ішінде сауданы кеңейту және өңірдегі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылайды, — делінген ведомствоның X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

АҚШ тарапы сапар бағдарламасының басқа да егжей-тегжейін жариялаған жоқ.

Пол Капур кім?

Самир Пол Капур 2025 жылдың қазан айынан бері АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып келеді. Бұл қызметте ол Дональд Лудың орнына келген.

Капур Делиде үндістандық-америкалық отбасында дүниеге келген. Жоғары білімді Амхерст колледжі мен Чикаго университетінде алған.

Мемлекеттік қызметке келгенге дейін АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Жоғары оқу орнында сабақ берген. Сонымен қатар Стэнфорд университетімен, Гувер институтымен және АҚШ-тың басқа да жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан.

Ол Оңтүстік Азиядағы қауіпсіздік мәселелері бойынша маман ретінде танымал. Ғылыми еңбектерінде Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарды және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін зерттеген.

Мемлекеттік департаментке тағайындалғаннан кейін Капур АҚШ-тың Үндістанмен сауда, технология және энергетика салаларындағы ынтымақтастығын нығайтуды, сондай-ақ Вашингтонның сыртқы саяси басымдықтарына сәйкес өңір елдерімен өзара байланысты дамытуды көздейтінін мәлімдеген.