Мүгедектігі бар 114 бала қаралатын оңалту орталығы ғимаратсыз қалды
Нұр-Сұлтанда мүгедек балалардың аналары әкімдік алдына жиналып, Алтай Көлгіновпен кездесуді талап етті. Олар «Ерекше аналар» Қоғамдық қорына тиесілі оңалту орталығының жабылуына қарсы. Мәселе шешілмесе 50-ге жуық ата-ана әкімдік алдында түнемек.