×
489.36
533.45
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.36
533.45
4.99

Тоқаев Путинді ойландырып қойды. Мыңбаевты мүгедек қылған кім? Әлия Назарбаева, Мамай, Әбілов - Ұлысапта

28.05.2023, 17:19

Ұлысаптаның кезекті шығарылымы жарияланды. Жобаның бұл жолғы түсірілімі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейде өткен Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты жиында жасаған мәлімдемесімен бастау алады.

Тоқаевтың Мәскеуді дүрліктерген бұл мәлімдемесі Қазақстан қоғамында да үлкен резонанс тудырды. Онда мемлекет басшысы Ресей мен Беларусьтың одақтастығын мақтамен бауыздағандай жеткізеді. Іле-шала президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаевтың мәлімдемесін тәпсірлеп, Қазақстанның өзге елмен одақтас болуға ниеті жоқ екенін жеткізеді.

Түрмедан шыққан журналист, тұзаққа түскен супермарафоншы, қамалған белсенділер… Қазақстанда соңғы айларда осындай жағымсыз жаңалықтарды жиі құлағымыз шалатын болды. Бұл ненің белгісі. Жаңа Қазақстанның қағидасы сондай ма, авторитарлы режімге қайта оралып жатырмыз ба?

Назарбаевтың заманында дәурені жүріп, Қазақстан Теміржолы деген үлкен ұлттық компанияны басқарған сауат Мыңбаевтың апта ішінде әдемі суреті тарады. Алайда, бір кездердегі түкірігі жерге түспей тұрған шенді ол фотода мүгедектер арбасында отыр. Көпшіліктің назарын аударғаны осы тұсы. Мыңбаевты мүгедек қылған кім? Ресми емес деректерде бұл оқиғаға Кәрім Мәсімовтың қатысы болғаны айтылады. тағы біреулер Сауаттың өзі спортпен шұғылданып жүріп, майып болған деген мәліметті алға тартады…

Хиджапқа қатысты депутат Айдос Сарымның пайымы қандай?

Арыстанбек Мұхамедиұлы сотының қызықтары, Жанболат Мамайдың мүшкіл халі Ұлысаптада жан-жақты қаузалады.

Түсірілім барысында Самал Ыбыраева “Әлия Назарбаева сотталмай ма?” деген сауалға да жауап іздейді. 

Соңғы қоңыраудың шуы. Қоғамды бұл тақырып та дүрліктірді.