×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей азамат соғысының алдында. Вайнер мен экс-министрдің сотталуы. Арман Шораев - Ұлысапта

25.06.2023, 20:22

Ұлысапта жексенбілік шығарылымында аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылады. Бұл жеті күндікте жаһанның назары теріскейдегі көршімізде болды. 

Украинамен соғысып жүрген “Вагнер” ЖӘК Ресей билігіне қарсы шапты. компания жетекшісі Евгений Пригожин бүлік шығарды, өкінішке қарай кері тартты.

Тәуелсіз еліміздің тарихында болмаған тағы бір оқиғаға куә болдық, елордадағы Каспий банк бөлімшесіне шабуыл жасалды. Басқыншы банктің бірнеше қызметкерін кепілге алып, банк қаражатын әлеуметтік осал топтағы азаматтардың шотына аударуды талап етті. Жалпы осы оқиға нені меңзейді? 

Ал 4 пайыздық автонесие неге тоқтап қалды? Ұлысаптаның назарынан бұл сауал да қалыс қалған жоқ. 

Алматыда ВИЧ шықты. Осыдан 14 жыл бұрын 200-ден астам бала Шымкентте ВИЧ жұқтырғаны есімізде. Сол кездегі министр, қазіргі әкім Ерболат Досаев жауапкершіліктің жүгін сезіне ме? 

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова көмекшісінің ОПГ-дан шыққанын жоққа шығармады. 

РОП ісі бойынша айыпталушылар Әлия Назарбаеваны жауапқа тарту керек деп жатыр. Экс-презхиденттің қызына құзырлы органдардың неге тісі батпай жатыр?

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды. Ал халықты қаржылық пирамидаға үгіттеген вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Тағы, пирамиданы ұйымдастырушы деп танылған Алмас Құрманғалиев 14 жылға сотталды.

“Қазақстан барысы” жобасын тексеріс астына алып, Арман Шораевтың жақындары істі болып жатыр. Ал белгілі журналист, белсенді азамат Думан Мұхаметкәрім Мұхтар Әбләзовпен сұхбат алғаны үшін 2 айға қамауға алынды. 

Қазақстандық әншілердің қаламақылары өскен. 1,5 миллионннан 10 миллионға дейін. Ал несие астындағы халық бүкіл жүкті көтере беруге дайын ба? 

Ұлысаптаның ұсынары осылар, көріңіздер, ой қосыңыздар, арнаға жазылыңыздар.