×
477.11
545.58
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.11
545.58
6.2

Ермұхамед Мәулен Испания-Франция матчының фаворитін атады

Бүгін, 10:20
Ермұхамед Мәулен Испания-Франция матчының фаворитін атады
Ulysmedia коллажы

Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен Испания мен Франция құрамалары арасындағы жартылай финалдық матч алдында өз болжамын жариялап, кездесудің фавориті ретінде Францияны атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның пікірінше, француз құрамасы ойыншылар құрамының сапасы жағынан басым. Журналист Усман Дембеле, Килиан Мбаппе және Майкл Олисе сияқты футболшылардың шеберлігін ерекше атап өтіп, Испанияның қорғанысы аса сенімді емес екенін айтты.

– Испания бұл чемпионатта небәрі бір-ақ гол жібергенімен, Францияның шабуыл әлдеқайда мықты. Франция бұл кездесуде міндетті түрде жеңіске жетуге тиіс, – деді Ермұхамед Мәулен.

Сонымен қатар ол матчқа қатысты түрлі сарапшылардың пікірімен де танысқанын айтты. Оның сөзінше, көп сарапшы бұл ойында гол көп соғылмайды, негізгі уақыт тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта немесе пенальти сериясында анықталуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Дегенмен журналист бұл пікірмен жартылай келісе отырып, финалға шығуға дәл Франция лайық деп есептейтінін айтты.

– Гол көп болмайтын шығар. Бірақ Франция финалда ойнауға лайық. Өйткені бұл құрама бәрібір Испаниядкн мықтырақ деп есептеймін , – деді ол.

ФРАНЦИЯ ҚҰРАМАСЫ

Франция – турнирдегі ең тұрақты командалардың бірі. Құрама алты матчтың барлығында негізгі уақытта жеңіске жетіп, 16 гол соқты және қарсыластарына небәрі екі гол жіберді. Дидье Дешам шәкірттері мықты қорғаныс пен жылдам қарымта шабуылға сүйенеді. Команданың негізгі жұлдыздары – Килиан Мбаппе, Усман Дембеле, Майкл Олисе және Орельен Тчуамени.

ИСПАНИЯ ҚҰРАМАСЫ

Испания жартылай финалға бір тең ойын және бес жеңіспен жетті. Команда алты кездесуде 11 гол соғып, тек бір гол өткізіп алды. Луис де ла Фуэнте жаттықтыратын ұжым допты бақылауға негізделген ойын мәнерімен ерекшеленеді. Құраманың негізгі ойыншылары қатарында Родри, Ламин Ямаль, Дани Ольмо және Микель Оярсабаль бар.