×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Халықтың 15 трлн несиесі бар. Жарық, жылу қымбаттайды. Сарыағаштағы жауыздық. Досаевтың отставкасы - Ұлысапта

15.07.2023, 21:40

Ұлыс апта көрерменіне кезекті шығарылымын ұсынады.

Шенеуніктердің әйелдері қымбат көйлегімен мақтанып әлек, ал халық қымбаттаған тарифтерді қалай төлейміз деген сұрақпен бас қатырып отыр. Бұл Қазақстанның бүгінгі шындығы. Ескі де жаңа елімізде бұл аптада не болды? Жоба барысында талқыға түскен тақырыптар төмендегідей:

Алматыда қаңтардағы әуежай ісіне қатыстыларға сот үкімі шықты. Қатардағы журналист пен мұғалім стратегиялық нысанды басып алуы мүмкін бе? Осы сауал көптің ауанын түсірді, билікке сенімін пәсейтті…

Коммуналдық қызметтердің бағасы 20 пайызға қымбаттады. Министрлер халықтың жағдайын біле ме?

Қазақстандықтардың банктер алдындағы несиелік қарыздары 15 триллионнан асып барады. Несие қамытын кимген қазақ кемде кем.

Мұнай-газ саласындағы кептеліс нені меңзейді? 

Кәсіпқой боксшы бала көтерген ер кісіге жұдырық көтерді. Шүменовтің шындығы қайсы?

Сарыағашта 5 жасар қызды айуандықпен өлтірген қылмыскерді ауыл адамдары өздері жазаламақ болған. Педофильдерге қандай жаза қолданған дұрыс?

Алматыда қоғам наразылығына қарамастан, орыс қолбасшысы Александр Невскийге ескерткіш орнатылды. 

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі сотталды, ал қазіргі әкім Ерболат Досаев Путиннің көмекшісі қолынан медаль алды. 

Осының бәрі  Ұлысаптаның шолуда.

Серіктес жаңалықтары