×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Депутат сөз естіді. Тоқаев Азиададағы масқараны сынады. Халықтың табысы 150-ақ мың теңге - Ұлыс апта

15.10.2023, 20:34

Ұлыс апта көрерменімен осы аптада да қауышады. Ескі де жаңа Қазақстаның ең маңызды жаңалықтарын осы арнадан көріңіздер.

Шындыққа бір табан жақын сараптамалардың қатарында маңызды тақырыптар баршылық. 

Айталық:

Палестина мен Израиль арасында 75 жылға созылған жер дауы тағы өршіп кетті. Ал Украинаны қолдаушылар неліктен Израильді қолдап отыр? 

Қазақстанда ең ықпалды олигархтар тізімі жарияланды.  Олардың арасында депутат та, 35 жастағы кәсіпкер де, Назарбаев отбасының мүшелері де бар. 

Халықтың табыс көрсеткіші жан басына шаққанда -  151 мың теңгеден аспайды. 

Қазақстандағы ел ішіндегі өмір сапасының көрсеткіші есептелді. Ол биліктің статистикасымен үйлесе ме?

Спорт саласына түбегейлі өзгерістер, яғни реформа қажет. Қазақ спортшыларының Азиададағы нәтижесіне Тоқаевтың көңілі толмайды. 

«Қатты кетпеңіз, бұл бірінші рет емес». Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Базарбекке ескерту жасады. 
Ал ауыл шаруышалығы жерді қайтармай отырған әкімдердің атын атаудан бас тартып отыр.

Бауыржан Байбектің әйелі жұмысынан шықты.

Бас прокурор Берік Асыловты сотқа берген Әйгерім Тілеужанованың арызы бойынша сот шешімі шықты.

“180 млрд теңгені жыл соңына дейін қайтарамыз”. Заңсыз шығарылған активтерді қайтару комиссиясы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары