×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Банкрот болған «Қаратау» компаниясы қызметкерлері 20 жылдан бері тиісті ақысын ала алмай жүр

02.02.2023, 12:12
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы сенатор Бекболат Орынбеков айтты. Ол премьер-министрі мен бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында банкротқа ұшыраған «Қаратау» АҚ кәсіпорнының қызметкерлері заңға сәйкес тиісті төлемін 20 жылдан астам уақыт бойы ала алмай жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат кәсіпорынның Жамбыл облыстық сотының шешімімен 20 жыл бұрын банкрот деп танылғанын атап өтті. Алайда, тау-кен өндірісінің бұрынғы қызметкерлерін тиісті төлемдермен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешілмеген.

Бекболат Орынбековтың айтуынша, бұл мәселе салалық мемлекеттік органдарда, оның ішінде арнайы құрылған үкіметтік комиссия отырысында және сот органдарында бірнеше рет қаралған.

«Жүргізілген индекстеу есептері әрбір кредиторға 3 443 теңгеден бастап 58 171 теңгеге дейін құрады. Бірақ регресшілер бұған қарсы. Келіспеушіліктің негіздемесі ретінде кредиторлар көрсетілген кезеңде ең төменгі жалақы мөлшерімен қоса, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да күнделікті тұтынатын тауар бағасының өсуі деген дәлелдер келтіреді. Осыған байланысты, аталған жағдайды жан-жақты талқылап, мәселенің заңды шешімін табуға ықпал етулеріңізді сұраймын», - деді Бекболат Орынбеков.

Серіктес жаңалықтары