×
$
455.63
€
507.89
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.63
€
507.89
₽
5.65

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:24
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бұл міндетті 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру 1,8 миллион адамның табысын арттыруға ықпал етеді. Олардың қатарында бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.

– Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын, – деді ол.

Сондай-ақ президент алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде еңбек ететін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын да өсіруді тапсырды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың еңбекақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін артуға тиіс. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам маманның табысына әсер етеді.

Бұдан бөлек, Тоқаев елдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап өтті. Алғашқы кезеңде сегіз заманауи перинаталды орталық, жеті көпбейінді балалар ауруханасы және Астанада екі медициналық нысан салу жоспарланған.