×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Алматыда мас жүргізуші полицейді қағып кетті

18.10.2021, 15:28
фото: Ашық дереккөзден

Бұл факт түн ортасында орын алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Боран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде құқық қорғау қызметін атқару кезінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Хюндай автокөлігін байқады. Полиция қызметкерлерінің талаптарына көлік жүргізушісі мән бермеді. Керісінше олардан жасырына бастады. Бірден радиостанция арқылы патрульдік жасақтарға көрсетілген көлікке бағдар берілді және оның қозғалыс координаттары дереу таратылды. Талғар қаласы бағытындағы экологиялық постта қызмет етіп тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқық бұзушыны тоқтатуға тырысты, ол тоқтамастан инспекторды бар жылдамдықпен қағып кетті. Екі аяғының сынуы, ішкі мүшелерінің жарылуы, бас сүйегінің жабық жарақатымен полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды. Хюндай жүргізушісі ұсталды», - деді Алматы қалалық полиция департементі жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Құқық бұзушы - 1962 жылы туған У. есімді азамат. Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 346 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы оқиға жайында Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әлеуметтік желіде жазды.

Серіктес жаңалықтары