Полиция қызметкерлері тергеу барысында күдіктінің 1996 жылы туған әйел екенін анықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
18 қазан күні Шымкент полициясына «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС жұмысшысы Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау барысында ішінде кіндігі кесілмеген жаңа туған сәбидің денесі бар пакет тапқаны туралы хабар түскен.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 100 бабы бойынша (ананың жаңа туған нәрестесін өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу басталды, дейді otyrar.kz.
Нәрестенің денесіне сот-медициналық сараптама жасалмақ.
Бұған дейін Қызылорда облысында да қоқыс жәшігінен шақалақтың денесі табылғанын хабарлаған едік.