Тергеу органдарының тиісті өтінішхатын сот қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жетісу облыстық соты Талдықорған полициясы бастығының екі айға қамауға алынғанын хабарлады.
"2023 жылғы 14 қарашадағы сот шешімімен күдікті К. азаматына қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұдан бұрын Талдықорған полиция департаментінің басшысы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын.