×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

700 млн теңге залал: Шымкенттегі қаржы пирамиданың басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін

17.11.2023, 09:45
Иллюстрациялық фото

Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады. 

Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды. 

Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан.
 
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді. 

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз. 

Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары