×
$
444.16
€
487.29
₽
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.16
€
487.29
₽
5.4

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

Бүгін, 17:06
Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
Ulysmedia коллажы

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға келгісі келеді. Сондай-ақ АҚШ-тың өзге де саясаткерлері, соның ішінде президент Дональд Трамп та елімізге сапармен баруға қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл жөнінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында айтты.

– Жоғары деңгейдегі сапарлар болатынына сенімдімін. Мемлекеттік хатшы Рубио сыртқы істер министрі Тілеубердіге Қазақстанға келгісі келетінін айтқан. Басқа да тұлғалар, соның ішінде президент те Қазақстанға келуге қызығушылық білдірді. Біз мұны ұйымдастыруға тырысамыз, – деді елші.

Алайда ол сапарлардың нақты мерзімін атаған жоқ.

Неліктен Самарқан таңдалды?

Қазан айының басында Марко Рубио Самарқанға барған еді. Самал Ибраева АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстанда 600 америкалық-қазақстандық компания жұмыс істеп, экономикасы Өзбекстаннан әлдеқайда ірі болғанына қарамастан, неліктен осы елді таңдағанын сұрады.

Елшінің түсіндіруінше, АҚШ пен Орталық Азияның бес елін біріктіретін C5+1 форматындағы алғашқы кездесу дәл Самарқанда өткен. Бұл топтық сапар болған: Рубио Орталық Азияның бес елінің сыртқы істер министрлерімен кездесіп, өзімен бірге АҚШ-тың 200 компаниясының өкілін ала барған.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы өңірдегі ең дамыған экономика саналады. Бұл мәселеде ешқандай күмән жоқ.

– АҚШ Қазақстанға басқа бір елдің көзімен қарамайды. Көршілеріңіздің кім екені немесе Орталық Азияда тағы қандай елдер бар екені маңызды емес. Біз Қазақстанды өзіндік ерекшелігі бар, жеке өзі маңызды ел ретінде қарастырамыз, – деді Стаффт.

Елшінің сөзінше, Қазақстанмен ынтымақтастық тек бизнес саласымен шектелмейді. Ол терроризмге қарсы күрес пен қауіпсіздік мәселелерін де қамтиды.

Сізге қызық болуы мүмкін