×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Оралдағы жарылысқа кінәлі адам қамауға алынды

07.01.2024, 07:42
БҚО ТЖД

Оралда кафедегі жарылысқа қатысты жалға алушы қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Прокуратура мәліметі бойынша «Rizyq» кафесіндегі өрт пен адамдардың қаза болуына байланысты БҚО ТЖ департаменті ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігіне (екі және одан көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

6 қаңтар күні аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. БҚО ТЖ және полиция департаменттері қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеу жоспарына сәйкес қажетті сараптамаларды тағайындады. Іс бойынша процессуалдық прокурорлар белгіленді. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге салсақ, БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Серіктес жаңалықтары