Американдық өнеркәсіптік радиолокация құрылғысы жоғары жиілікті импульстарды сканерлеуге және топырақ профилінің суреттерін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл құрылғы бүгіннен бастап қолданылмақ.
Кеше “Майқайыңалтын” кен байыту комбинатына қарасты опырылған шұңқырдың нақты аумағы анықталған болатын.
Белгілі болғандай, оның тереңдігі 66 метр, ұзындығы 170 метр, ені 130 метр. Өлшем кәсіпорындағы маркшрейдер құралымен жасалды.
Іздестіру жұмыстары екі ауысыммен тоқтаусыз жүргізілуде.
Шыңырауға түсіп кеткен автобус, жүргізуші және бір құтқарушы әлі табылған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жер астына түскен төрт адамның екеуінің денесі шығарылды.