Биыл қай аймақта ең көп қылмыс тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда 47,4 мың адам қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 17,1%-ға аз, дейді finprom.kz.
Өңірлер бойынша ең көп қылмыс жасаған «көшбасшылар» - Алматы облысы (5,6 мың адам, бір жылда минус 14,2%), Алматы қаласы (5,4 мың адам, минус 13,3%), Шығыс Қазақстан облысы (4 мың адам, минус 22,3%).
Ең аз қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар Қызылорда облысында (1,2 мың адам, бір жылда минус 24,3%) тіркелген.
Бұған дейін Қазақстан «түрме елдер» рейтингінде 98 орында тұрғанын хабарлаған едік.