×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қарағанды әуежайы ауа райына байланысты жабылды

14.01.2024, 16:33
Ашық дереккөзден

Әуежай дерегі бойынша, боран мен көктайғаққа байланысты Fly Arystan компаниясының Алматыға рейсі кейінге шегерілген, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ әуежай қолайсыз ауа райына байланысты осы әуе компаниясының Алматыдан келетін рейсін қабылдау шектелді.

Қазір әуежай қызметкерлері ұшу жолағын мұз бен қардан тазалап жатыр. Бұл ретте, аз уақыттан соң әуежай өз жұмысын қайтадан жалғастыруы мүмкін.

Қазгидромет хабарлауынша, Қарағанды облысында 14 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктер бұрқасын, көктайғақ және күндіз секундына 23-28 метрге жететін жел соғады деп болжаған. Бұған дейін өңірде тасжолдардың бес бөлігі жабылғаны хабарланған болатын.

Жалпы, бүгін синоптиктер 17 аймақта ескерту жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары