×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Атырау облысында бес түйені пойыз қағып кетті

16.01.2024, 10:55
Ашық дереккөзден

Теміржол маңында мал жайғандары үшін үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің қызметкерлері қараусыз қалған үй жануарларының теміржолдарға шықпауын қадағалап, алдын алу жұмыстарын жиі жүргізуде. Осыған қарамастан, департаментте әрбір кезекші тәулік ішінде теміржол төсемінде төрт түліктің жүруіне байланысты пойыздарды шұғыл тежеу фактілерін тіркейтін көрінеді.

Мәселен, 13 қаңтар күні Атырау облысының Құлсары стансасында Волгоград – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржол бойында түйе болуына байланысты шұғыл тежеу тетігін қолданған. Десе де, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. 

Бүгінде 5 түйенің иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Шұғыл тежеуді қолдану және жануарларды соғу пойыздардың ұзақ уақыт тоқтап қалуына, локомотивтердің зақымдалуына және өнімсіз шығындарға әкеледі. Осыған байланысты көлік полицейлері үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын еске салып, малды теміржол маңына жайған кезде мұқият болуды ескертеді.

Кешігу демекші, былтыр желтоқсанда техникалық ақау салдарынан Алматыдан Оралға бағыт алған пойыз бақандай 6 сағатқа кешіккен болатын.

Серіктес жаңалықтары