×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Пойыз бақандай 6 сағатқа кешікті - жолаушыларға өтемақы беріледі

09.12.2023, 14:17
Ашық дереккөзден

Алматыдан Оралға бағыт алған пойыз алты сағатқа кешікті. Тасымалдаушы компания кешірім сұрап, жолаушыларға өтемақы төлеуге уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Техникалық ақау № 51 Алматы-2 – Орал бағытындағы жолаушылар пойызының алты сағатқа кешігіп келуіне себеп болды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Техникалық себепке байланысты пойыз Тобыл стансасында аялдаған. 

"Ақау жойылғаннан кейін 9 желтоқсан күні сағат 02.13-те пойыз Тобыл стансасынан Орал стансасына 6.05 сағат кешігумен жөнелтілді", - деп жазылған хабарламада.

Компания қиын жағдайға тап болған жолаушыларға тегін ыстық тамақ берілгенін айтты.

"Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", - деп жазылған "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.

Компания жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жолаушыларға қаражатты қайтару және өтемақы төлеу шаралары қолданылатынын хабарлады:

Пойызбен жүруден бас тартқандарға жол ақысы толығымен қайтарылады;

Бағдар бойынша жол жүру үзілген жағдайда жүрілмеген қашықтыққа жол жүру ақысы төленеді;

Әрбір кешіктірілген толық сағат үшін жолаушыларға 3% мөлшерінде, бірақ жол жүру құнынан аспайтын өтемақы төленеді.

Өтемақыны "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады. 

Серіктес жаңалықтары