Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев айтып берді, деп хабарлайды ulysmediz.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыда барлығы 843 электр сиренасы бар, бұл 100% қамтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5.5 баллдан асатын тербелістерді тіркеген кезде іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында айтты.
"Тиісінше, 4-тен 5 баллға дейінгі дүмпулер тіркелген кезде сиренаны қосу қажет емес. Ол дүрбелең тудырар еді", - деп түйіндеді сөзін спикер.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді: