×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Павлодар облысының шаруалары 216 млн теңге жымқырды

14.09.2021, 16:46
фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодарда 216 млн теңге мемлекеттік субсидияны жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырған азаматтардың жолын кесті.

Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны С.Мукин мемлекеттен субсидияларды заңсыз алу мақсатында Ресей аумағында ірі қара мал сатып алып, оны «Герефорд», «Симментал» асыл тұқымды қара мал ретінде көрсеткен.

Атап айтқанда, субсидиялар алуға арналған өтінімдерде ол ірі қара мал туралы жалған мәліметтерді көрсетіп, ал сатып алу-сату шарттарын өзі қолдан жасаған.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының уәкілетті органдары асыл тұқымды мал сатып алу дерегін растамаған.

Бұдан әрі 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін С.Мукин басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға көмек көрсеткен.

Тергеу анықтағандай, мұндай схема бойынша Павлодар облысындағы 10 шаруа қожалығы 216 миллион теңге заңсыз субсидия алған.

Бас ұйымдастырушы мен сыбайластар әртүрлі мерзімге сотталды.

Серіктес жаңалықтары