×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Оралда жол талғамайтын көлік 10 жастағы қызды қағып өлтірді

26.10.2021, 19:15
Фото: ашық дереккөз

Бүгін сағат 10:00-де Кердері көшесінде жол талғамайтын көлік 10 жастағы қызды қағып кетті. Қыз жаяу жүруге тыйым салынған жолды жүгіріп өткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

БҚО Полиция қызметінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser Prado рөлінде 47 жастағы әйел отырған.

«Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған қыз Орал қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, есін жимаған күйде көз жұмды. Медициналық сараптама жүргізушінің мас күйде болмағанын көрсетті. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. 10 жастағы қыз дүкеннен үйіне қайтып бара жатқаны анықталды. Ол – бесінші сынып оқушысы», - делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары