×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтау қаласы әкімдігі инвестордың жұмысына кедергі келтірген

02.02.2024, 11:54
Фото: Лада

Прокурорлық қадағалаумен Ақтау қаласының әкімдігі инвестор «Алға Ақтау» ЖШС-не жерге рұқсат беру кезінде мерзімдерді негізсіз созбалаңға салу дерегі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы прокуратурасының қалалық әкімдікке қадағалау актісін енгізе отырып араласуынан кейін инвестор жер учаскесіне тиісті қаулы шығарылып, қалалық әкімдіктің кінәлі қызметкерінің тәртіптік жауаптылығы шешілді.

Осындай заңдылықты бұзушылықтар басқа да инвесторларға қатысты орын алған.

Басқа жағдайда, қала әкімдігі «Жанарыс» ЖШС-де тиісті құжаттардың болуына қарамастан (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жоба және т.б.), жеткілікті рұқсат құжаттарының болмау фактісі бойынша тексеріс ашуға бастамашылық жасаған.

Қазіргі уақытта бұл тексеру заңсыз деп танылып, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе шешілуде. Осылайша, прокуратура 400 орындық мектеп, 150 балаға арналған балабақша және арнайы киім тігу өндірістік цехін салу бойынша жобалар одан әрі іске асыруға ықпал етті, - делінген хабарламада.

Аталған объектілерге салынған инвестициялардың жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.

Серіктес жаңалықтары