×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Шымкентте 1500-ге жуық үй газсыз қалды

04.02.2024, 08:39
Шымкент қаласының әкімдігі

Газ құбырынан шыққан ақаудан 1500 жуық жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі таңда газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта арнайы техникалар мен 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.

«Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны (утечка) анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды. Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады» - делінген Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары