×
450.61
488.91
4.97
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
450.61
488.91
4.97

Семейде түнгі үштен бері үлкен сауда орталығы өртеніп жатыр

06.02.2024, 09:35
Фото: Скриншот

Ақ шың сауда орталығы бүгін түнгі үштен бері өртеніп, өрт сөндірушілер тілсіз жауды әлі ауыздықтай алмаған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оқиға орнында өртке қарсы қызмет қызметкерлері бар. Жедел жәрдем қызметкерлері де жеткен. Арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін қала орталығындағы бірқатар көше жабылған.

Оқиға орнынан әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан азаматтар тауары өртеніп жатқан кәсіпкерлер уайымдап, денсаулығы нашарлап, оларға дәрігер шақырылғанын айтады.

– Мұнда несие алып, саудасын жүргізіп жатқандар бар. Солардың жағдайы қиын, – дейді олар.

Облыстық полиция департаменті өрт орнына Ұлттық ұлан қызметкерлерін әкелген.

– Периметр бойынша полицейлер арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, өзге де оқиғаларға жол бермеу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстардың алдын алу мақсатында қызмет атқарады, - деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары