×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбе облысында боранмен арпалысқан жолаушыларға нан 1300 теңгеден сатылған

07.02.2024, 09:29
Ақтөбе облысында боранмен арпалысқан жолаушыларға нан 1300 теңгеден сатылған
Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында боран салдарынан жолда қалғандарға нан қымбат бағамен сатылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Самара - Шымкент тас жолының Хромтау қаласы мен Қобда ауылына дейінгі аумағында жүзге жуық көлік кептелісте қалды. Олар жолдың жабылуына байланысты бас сауғалап, дүкендерге ағылған. Мұны “тиімді” пайдаланған алыпсатарлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден саудалаған. Жолаушылардың жан айқайы бұл.

Бірақ аудан басшылары жолда қалғандарға қымбат баға ұсынған кімдер екенін сол күйі анықтай алмады.

Жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары нан бағасын себепсіз көтермеген.

Ал Ақтөбеден шығар тұста Өзбекстан азаматтары мінген алты автобус боранда қарға батып қалған. Жолаушылар арасында он бала бар. Оларға қажетті ас-су мен дәрі дәрмек жеткізіліп, шетелдіктер сапарын жалғастырыпты.