×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

Ақтөбелік адвокат 4 жылға сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді

Бүгін, 10:50
Ақтөбелік адвокат 4 жылға сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді
Ulysmedia.kz коллажы

Ақтөбеде адвокат Ғабит Рүстемов алаяқтық жасауға оқталды және пара беруге итермеледі деген айыппен сотталды. Сот оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

«Диапазон» мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, сотталғандардың бірі өтелмеген жаза мерзімін жеңілірек жаза түріне ауыстыру туралы өтініш берген.

Мұны білген адвокат әлгі ер адамға сот пен прокуратурада таныстары бар екенін айтып, жазасын жеңілдетуге көмектесе алатынын жеткізген.

Ол бұл қызметі үшін 5 миллион теңге сұраған.

Ақшаны алғаннан кейін Рүстемов ұсталды.

Судьямен де, прокурормен де байланысы болмаған

Тергеу барысында адвокаттың судьямен де, прокурормен де ешқандай келісімі болмағаны анықталған.

Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, ол ақшаны өзіне қалдырмақ болған.

Сотта Рүстемов алаяқтық жасауға оқталғанын ғана мойындап, өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Сот қандай шешім шығарды

Сот адвокатты екі айып бойынша да кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салынды.