×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Павлодар облысында 3 мыңнан астам үй жануары иесі жазаланды

27.10.2021, 11:31
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 3492 үй жануары иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Иттер мен мысықтардың иелері үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелерін ұстануы тиіс. Бірақ кейбіреулер заңды елемейді, дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

«Мәселен, Павлодар қаласында тұрғын полициядан үлкен итті тұмылдырықсыз серуендеткен, осылайша өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Учаскелік полиция инспекторы ит иесін анықтады. Қала тұрғыны иттің (кавказ төбеті) жуас, ешкімге тиіспейтінін түсіндірді. Үй жануарларын серуендетуді бұзғаны үшін қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша жауапқа тартылды», - деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Ережеге сәйкес, иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің учаскелерінде, мектеп аулаларында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге тыйым салынады. Яғни, иелер иттерді қоғамдық орындарда серуендетпеуі керек. Егер жануар кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, спорт, балалар алаңдарында, көгалдарда, тротуарларда, саябақтар мен сквер аумақтарында нәжісін қалдырса, оларды ит және мысық иелері жинайды.

Серіктес жаңалықтары