×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Шығыс Қазақстанда Қытай компаниясы 260 млн теңге айыппұл арқалады

15.02.2024, 14:37
Фото: ШҚО Экология департаменті

Шығыс Қазақстандағы Қытайдың "Синьсин құрылыс және дамыту Қытай компаниясы" ЖШС экологиялық талапты бұзғаны үшін 260 млн теңгеден астам айыппұл арқалады. Тексеру нәтижесінде бірқатар құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық Экология департаменті аталған серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Бұл туралы облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Шетелдік компания экологиялық талаптар мен заңнамаларды бұзғаны үшін 262 555 528 теңге мөлшерінде айыппұл төледі.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бірқатар құқық бұзушылықтар анықталған. Нақтырақ айтқанда, қалдықтарды сақтау, қалдықтарды араластыру, қалдықтарды есепке алу журналының болмауы және жер төсемінің мұнай өнімдерімен ластану фактісі болған. Сондай-ақ компанияның ДСУ (№8 учаске) мен асфальт-бетон зауытында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты жоқ болып шыққан.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес жалпы сомасы 3 967 500 теңгеге айыппұл салынған.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚ туралы кодексінің 328-бабы бойынша есептік әдіспен орындалатын эмиссиялардың көлемі асып кеткені үшін төлемақы көлемінің мың проценті мөлшерінде айыппұл салынған.

Осылайша жылпы айыппұл сомасы ҚР ӘҚ туралы кодексінің 328-бабына сәйкес құқық бұзушылық үшін 258 588 028 теңгені құраған. Компания жалпы сомасы 262 555 528 теңге көлемінде айыппұл төледі. Кәсіпорын анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы берілген ұйғарымды толығымен орындаған.

Серіктес жаңалықтары