×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Маңғыстау облысындағы мұнай компаниясына ірі көлемде айыппұл салынады

Фото: Маңғыстау облысы Экология департаменті

Маңғыстау облыстық Экология департаменті Қаратұрын кен орнындағы ұңғыманың жану фактісі бойынша «Бузачи Нефть» ЖШС-не ірі көлемде айыппұл салады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Департамент өкілдері хабарлағандай, 2024 жылдың қаңтарында жоспардан тыс жүргізілген тексеру қорытындысында мамандар метанның ауада 480 есеге, шамадан тыс артқанын анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға келтірілген экологиялық залалды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін сақтау бойынша ремедиация бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы нұсқама берілді, - делінген хабарламада.

4 әкімшілік хаттама жасалды. Алдын ала есептеулер бойынша айыппұл 350 млн теңгеден асады.

Еске салсақ, 2023 жылғы 9 маусымда ұңғымада бұрғылау құбырын көтеру кезінде өрт шығып, табиғи газ 200 күн бойып жанып тұрды.

Серіктес жаңалықтары