×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шығыс Қазақстан облысында қос шенеунік жазаланды

Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында "Прокуратура туралы" заңды бұзған қос шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі болған оқиғаның егжей-тегжейін мәлім етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. "Прокурорлық сүзгі" жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты негізгі шешімдері келісіледі.

Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың толықтығын бағалау мақсатында, инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттерді орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі мен мемлекеттік кіріс органдарына қажетті материалдармен қамтамасыз ету туралы талап жолдады, – делінген хабарламада.

Алайда Ауыл шаруашылығы және Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшылары прокуратураның заңды талаптарын елемеген.

Бұл қадағалау органының жауабынсыз қалмады. Нәтижесінде 2024 жылғы 2 және 14 ақпандағы Самар ауданы сотының қаулыларымен прокурордың талаптарын орындамағаны үшін жоғарыда аталған уәкілетті органдардың басшылары ӘҚБтК-нің 665-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Серіктес жаңалықтары