×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, 4 бала қаза болды

24.02.2024, 11:10
Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

23 ақпанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді. 

Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. 

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды, сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары