×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жамбыл облысында бір топ қаңғыбас ит қыз балаға шабуыл жасаған (ВИДЕО)

29.02.2024, 13:45
Фото: ашық дереккөз

Желіде қаптаған қаңғыбас иттердің арасында қалып қойып, көмек сұраған қыздың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ZTB Instagram-парақшасының мәліметінше, көліктен шыққан ер адамдар иттерді қуып, қызға көмектеседі.

Оқиға Жамбыл облысындағы Айша бибі ауылында болған. Қаңғыбас иттер қызға шапқан.

Біздің Конституциямызда адам өмірі мен денсаулығы маңызды саналады. Сонымен қатар жануарларды қорғайтын заң да бар. Алайда мына қаңғыбас иттерді көріп заңға өзгеріс енгізу керек секілді. Қарқаралы, Балқаш, Нұра, Қоржынтүбек, Қарағанды. Қазақстанда қаңғыбас иттердің қарасы қалың.

Иттер өте ақылды, кімге шабуыл жасау қажет екенін біледі. Балалар мен ересектерді таниды. Мен өзім де ит, мысық асыраймын. Алайда қаңғыбас иттердің мәселесін жедел шешу қажет, - делінген видео сипаттамасында.

Серіктес жаңалықтары