Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметкерлері облыстық мәслихат депутаты Павел Булаевты ұстады, деп жазады Ulysmedia.kz Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап.
Ол бірнеше жылдан бері Петропавл әкімдігіне қарасты "Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар" КМК басқарып келеді.
Басылым мәліметінше, коммуналдық кәсіпорынның орынбасары әрі директоры Павел Булаевтың ұсталғанын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растаған. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне қатысты екенін атап өтті.
"Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.
Павел Булаев бір жыл бұрын бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша "Ақ жол" партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған.