×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Рудныйда 6 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетті

28.10.2021, 22:58
Фото: ашық дереккөз

Рудныйда 6 жастағы қыз бесінші қабаттың балконынан құлап кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

alau.kz-ның мәліметінше, оқиға 27 қазан күні болған. Осындай жағдай болғанын Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады.

 «Сағат 15:19-да бесінші қабаттан 6 жастағы қыздың құлап кеткені туралы хабар келді. Баланың миы шайқалып, іші, белі, жамбас сүйегінің беткейі жарақаттанған. Зардап шегуші Рудный ауруханасына жеткізілді. Қазір оны Қостанай облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстыру мәселесі шешілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.


 

Серіктес жаңалықтары