×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Полицейлер бопсалап жатыр»: Алматы облысының тұрғыны Тоқаевтан көмек сұрады

15.03.2024, 16:43
скриншот

Алматы облысының тұрғыны полицейлерді ақша бопсалады және «айғақ табуға» әрекеттенді деп айыптады. Айтуынша, олар күйеуінің мойнына жасамаған қылмысты іліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үш баланың анасы Зухра Зулярова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдірді. Әйелдің айтуынша, полицейлер оның күйеуін жағалап, ірі көлемде ақша бопсалауға әрекеттеніп жатыр.

Наурыздың 13-і күні түнгі сағат 22:30-да Алматы облысы Талғар аудандық ішкі істер бөлімінің азаматтық киімдегі қызметкерлері ауламызға баса-көктеп кіріп, біздің от жағатын орынға полиэтилен пакетке салынған есірткі затын қойып, күйеуімді алып кетті. Жолдасым операциядан кейінгі жағдайда еді. Полиция бөлімшесінің қызметкерлері оған ауыр дене жарақатын салып, оны кінәлі деп тануға мәжбүрледі, - дейді ол.

Одан әрі Зухра атап өткендей, тәртіп сақшылары оны босату үшін отбасынан жеті миллион теңге талап еткен.

Жеті миллион теңге тауып беруге екі сағат уақыт берді, әйтпесе ол 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Түнгі екіде жұмыс берушіден қарызға ақша алуға тура келді. Бірақ қажетті соманы жинай алмадым, бар болғаны үш миллион жинадым, – дейді ол.

Зулярованың нұсқасы бойынша полицейлер бұл қаражатты делдал арқылы қызметкерлерге аударған.

Оқиға болған күннің ертеңіне әйелдің күйеуі ауруханаға барып, медициналық қорытынды алған.

Күйеуім 14 наурыз күні таңертең Талғар орталық аудандық ауруханасына ұрып-соғуды дәлелдеу үшін, УЗИ, флюорографияға, хирург пен невропатологқа қаралу үшін барды. Мен Алматы қаласына барып, Полиция департаменті мен прокуратураға арыз жаздым. Қазір өз өмірім үшін, балаларымның өмірі үшін қорқамын. Сізден, Президент мырза, бір шара қолдануыңызды сұраймын, - дейді Зухра Президентке.

Алматы облыстық Полиция департаменті Зухраның күйеуінен арыз түскенін растады.

2024 жылдың 14 наурызында Алматы облысы Ішкі қауіпсіздік басқармасына 1986 жылы туған азамат З., Талғар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты шара қолдану туралы жазбаша арызданған, олар физикалық күш қолданып, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген. Аталған факті облыстық Полиция департаментінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану түріндегі қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркелді, – деп жауап берді полицейлер.

Қазір сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге іс материалдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасына жіберіледі, - деп толықтырды ведомство.

Серіктес жаңалықтары