×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семейде төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

16.03.2024, 14:39
Семейде төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін
inbusiness.kz

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала аумағында төтенше жағдай режимін енгізбекші, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім кеше "Ашық НҚА" порталында пайда болды.

"Абай облысының Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген құжатта.

Құжатта әкім табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Семей қаласын еріген су басып қалған болатын. ТЖМ Қажымұқан, Репин, Красин және Городская көшелерінде еріген судың көп мөлшері жиналғанын хабарлаған еді.